50230
Президенттікке кандидат Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды
Президенттікке кандидат Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды
«Ауыл» партиясы президенттікке кандидат ретінде ұсынған Жигули Дайрабаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына заңда талап етілетін жеті құжатты тапсырды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Комиссия мүшелері әрбір құжатты жіті тексеріп, қабылдағаны туралы хаттама толтырды. Яғни үміткер тексерудің келесі кезеңіне өтеді.
Жигули Дайрабаев 1954 жылы туған. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.
Жигули Дайрабаев, Қазақстан фермерлері одағының төрағасы:
– Құжаттың бәрі ескертусіз өз деңгейінде өтті. ОСК мүшелеріне рахметімді айтамын. Енді алдағы уақытта ОСК өтетін тиісті құжаттар бар екен. Оны уақтысымен кезінде өткіземіз. Толық тіркеуден өткеннен кейін біз әлі емтихан тапсыратын түріміз бар. Осының бәрінен өтіп, ОСК маған мүмкіншілік беретін болса, әрі қарай үгіт-насихат жұмысын қолға алып, елді мекендерді аралап, сайлаушылардан дауыс сұраймыз.