Жұмағазы НАЙМАНТАЕВ: Мемлекет меншігіне қайтарылған жер мал жайылымына беріледі

Жұмағазы НАЙМАНТАЕВ: Мемлекет меншігіне қайтарылған жер мал жайылымына беріледі

Жұмағазы НАЙМАНТАЕВ: Мемлекет меншігіне қайтарылған жер мал жайылымына беріледі
ашық дереккөзі
50313
– Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойын­ша, пайдаланылмай жатқан және жекеменшікке заңсыз берілген ауыл шаруа­шылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы құрылған «Жер аманаты» комиссиясы ауыл тұрғындары үшін жайы­лымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында республиканың бар­лық өңірінде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Жақында Панфилов ауда­нында 11 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жер инвес­тиция­лық жобаларға алынған. Жерді иеленушілер дұрыс пайдаланбағанына байла­нысты өз еркімен қайтарды. Кейбір жерлер ауылдық мал жайылымының резер­віне қойылып, округтерге берілгелі жатыр. Жалпы, аудандағы ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер көлемі – 300 мың гектар. Ал орман қорына ар­нал­ған жер – 187 171, ерекше табиғи қорғау аймағына жататын жер көлемі – 69 420, су қорына арналған жер көлемі – 346 гектар. Қазір бізде 14 ауылдық округ бар. Олардың жерге байланысты сұранысы қана­ғаттандырылды. Бүгінде картасын сызып, «бізге мына жер керек» деп алып кел­гендері бәрі бекітіліп, ескерілді. Жайылым мәселесі шешілді. Мәселе құжат жү­зінде де реттеліп жатыр. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, қазір мемлекет мен­шігіне қайтарылған жерлердің құжаттары жасалып жатыр. Жұмыс бірер айда аяқталады. Сол кезде ауыл тұрғындары жайылымнан тарықпай, төрт тү­лігін емін-еркін өрістететін болады. Бізде 40 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Оның 37-сі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болатын. Соның ішінен инвестициялық жобаға қатыспаған 11 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып отыр. 9 мың гектар жерге мемлекеттік акт алып, рәсімделген. 2 мың гектар жерге қатысты аудан әкімінің қаулысы шығарылып үлгермеген болатын. Ол жердің біразы шаруа қожа­лық­тарының ұсынысы бойынша конкурсқа қойылып жатыр. Біразы ауылдағы мал жайылымының резервіне қойылып, бекітіледі. Бұл – бір айдың ішінде атқа­рылатын шаруа. Сонда аудан бойынша 72 мың гектар жер 14 ауылдық округтің жаз­дық, қыстық мал жайылымына беріледі.

Серіктес жаңалықтары