Жылыту маусымында көмекке келетін кәсіпкер

Жылыту маусымында көмекке келетін кәсіпкер

Жылыту маусымында көмекке келетін кәсіпкер
ашық дереккөзі
50305
Нарықта жақында пайда болған әрі құрылыста жиі қолданылатын ма­териалдың бірі – полиуретанды көбік. Ол үйді, ғимаратты жы­лытып, құрылымын нығайтатын қасиетке ие. Кәсіби мамандар мен тұр­ғындар бұл ыңғайлы әдіс екенін айтады. Алайда оны орнату үшін арнайы ма­мандарды шақыруға тура келеді. Өйткені оны өзіңіз жасай алмайсыз. Елі­мізде бұл салада жұмыс істейтін маман санаулы. Соның бірі – бүгінгі кейіп­керіміз, кәсіпкер Ернұр Әбілханов. Оның бұл ерекше әрі күрделі кәсіпті бастағанына 4 жыл болыпты. Қазір қарамағында екі адам жұмыс жасайды.
«Полиуретанды көбік арқылы үйді, ғи­мараттарды жылыту әдісі 1991 жылдан бері қолданылып келе жатқанымен, Қазақстан нарығында пайда бол­ғанына қа­те­­­леспесем, 5-6 жыл ғана болды. Бір жер­де 15 жыл жұмыс істедім. Содан бір күні «Неге өз кәсібімді ашпасқа?» деген ой кел­ді. Көрші жігіттердің жүк көлігі бо­ла­тын. Көлігіне сұйықтық шашатын пистолет, компрессор, басқа да құрал-жаб­дықтарын салып жүреді. Олардың орыс балалармен бірге үй жылыту жұ­мы­сымен айналысып жүргенін көрдім. Сырт­тай қарап қызығатынмын. Олар­дың істеп жүрген жұмысы оңай, ағыл-те­гіл ақша келіп жатқандай көрінді. Сөйт­сем, әр істің өзіне тән қиындығы мен қызығы бола­ды екен. Мұны енді тү­сініп жатыр­мыз. Қазір менің де сүйікті ісі­ме айналды. Елімізде бұл салада жұмыс іс­тейтін маман аз», – дейді Ернұр Әбіл­ханов.
Кейіпкеріміз, әсіресе қыркүйек айы­нан бастап тұрғындар тарапынан сұра­ныс артатынын айтады. Өйткені адамдар күн суыта бастағанда қимылдайды екен. Ал негізі бұл істің қыр-сырын білетіндер «Қыс­тың қамын жаз ойла» деп ертерек қам жасайды. Бағасын қымбатсына­тын­дар да бар. Өйткені қажетті құрал-жаб­дық­тар Еуропадан әкелінетіндіктен, қыз­мет те арзан тұрмайды. «Керек құралдардың бәрін өзіміз са­тып алдық. Шет мемлекеттердегі саяси жағ­дай логистикаға, бағаға әсер етіп жа­тыр. Тапсырысты үш адам бірге орын­даймыз. Біріміз сұйықтықты шашып тұр­сақ, енді біріміз құбыршекті ұстап тұра­мыз. Ал үшінші адам температураны қада­ғалайды. Бұл жылытқыштың ең тө­ре­сі деп есептеймін. Мұның көмегімен бөл­мені ішінен де, сыртынан да жөндеуге бо­ла­ды. Ауа өткізбегендіктен жылуды жақ­сы ұстайды. Тығыздығы, жұқа, қа­лың­дығына байланысты өзіне тән өл­­шем­дері болады. Үйлермен қоса, тап­сы­рыс­пен ірі нысандарға да барамыз. Әрине, «Бұл қызмет неге қымбат тұ­ра­ды?» деп жиі сұрайды. Есесіне, бұдан кейін газ бен жарыққа қаражат үнемдеуге бо­лады. Бір жасатқаннан кейін үй құлап қал­ғанша тұра береді. Көбіне биікте жұ­мыс істейміз. Арнайы сұйықтықты үйдің тө­бесіне, шатырына, жанына шашамыз. Сұ­раныс жақсы. Табысымыз да жаман емес. Жақсы жұмыс істесе, бір адам кү­ні­не кемі 60-70 мың таба алады», – дейді ол. Биікте жұмыс істейтін болған соң қауіп­сіздік талаптарын сақтау керек. Мін­детті түрде арнайы киім, бетперде мен көзілдірік кию қажет. Барлық по­лиу­ре­танды шартты түрде қатты және жұм­сақ деп бөлуге болады. Құрылыс жұ­мыс­тары үшін көп жағдайда біріншісі қол­да­нылады екен. Бұл әдіс арқылы меке­ме­ні жақсы жылытуға болады әрі мұның түр­лі механикалық әсерге қарсы тұра­тын қасиеті бар. Ернұрдың ендігі мақсаты – еліміздегі ірі қалалардан кеңсесін ашып, кәсібін кеңейту.  width=
«Екінші бригада тауып қойдым. Ба­тыс аймақтан сұраныс жоғары. Сон­дық­тан Ақтау, Атырау, Павлодар және Тараз­дан кең­се ашып, жұмысшыларды жұмыс­қа ал­с­ам деймін. Елімізде осы кәсіп түрін да­­мытуға бар күш-жігерімді жұмсаймын», – дейді Ернұр Әбілханов.

Серіктес жаңалықтары