Сәбіздің ең алғаш күлгін түсті болғанын білесіз бе?

Сәбіздің ең алғаш күлгін түсті болғанын білесіз бе?

Сәбіздің ең алғаш күлгін түсті болғанын білесіз бе?
ашық дереккөзі
51337
Сәбіз – әлемдегі ең көп тараған көкөністердің бірі. Климат жағдайына қарамастан, ол дәрумендерге бай, ең танымал сорты ретінде қызғылт-сары түстісі ерекшеленіп тұрады, бұл ендігі күнделікті дүкен сөрелерінен көретініміз. Дегенмен кей адамдар сәбіздің тек қана қызғылт-сарты түсі емес, басқа да түстері болатынын білсе, таңғалатыны анық. Міне қызық, бұл көкөніс о баста мүлде қызғылт-сары емес, күлгін және сары түсті болған. Сәбіздің бұл жабайы түрі осыдан ондаған, тіпті жүздеген жылдар бұрын болған. Есебіне жетуге келмейтін сәбіз түрлерін көлеміне, дәміне және түсіне қарап ажыратқан: сарыдан бастап қара-күлгін түске дейін. Қою қара түсті сәбіздердің түрі Азияда өссе, ашық сары түстілері Жерорта теңізінің айналасында өскен. Ұзақ жылдар бойы сәбіз жабайы өсімдік ретінде танылған: ол адам баласына ертеден белгілі болғанымен, біздің ата-бабаларымыздың барлық назары дәнді дақылдар мен басқа да бірнеше қолға үйретілген өсімдіктерді өсіруге бағытталып кеткен. Адам қолы сәбізге тек біздің дәуірімізге дейінгі 10-ғасырда ғана жеткен әрі Кіші Азияда мақсатты түрде өсіріле бастаған.

Серіктес жаңалықтары