Алматы облысында әкесі мен үш баласының мәйіті табылды

Алматы облысында әкесі мен үш баласының мәйіті табылды

Алматы облысында әкесі мен үш баласының мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50198
6 қазанда Алматы облысында әкесі мен үш баласы газға уланды. Баллон қолдан жасалған газбен жылытатын пешке қосылған деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Қайтыс болған ер адамның әйелі мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қазанның 6-сы күні таңертең күйеуі оны жұмысына шығарып салып, ұлдарының жанына үйіне кеткен. Жұмысынан үйіне оралған әйел күйеуі мен ұлдарының жан тәсілім еткенін алғашқылардың бірі болып байқаған. Ол бірден жедел жәрдем шақырыпты. Оқиға орнына жедел топ, Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу сынақ өрт зертханасы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы мен Іле аудандық ішкі істер бөлімі мен жедел жәрдем көлігі жіберілді.
 «Оқиға орнына жеткенде ер адам мен оның үш ұлы (біреуі 2009 жылғы және екеуі 2014 жылғы) пропан газынан уланғаны анықталды», - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – газ-пропан қоспасынан улану. Бұл отбасы Тараздан екі ай бұрын көшіп келген, үй жекеменшігінде болған.  

Серіктес жаңалықтары