Ақтауда ер адам 8 жасар қыздың денесіне қол тигізіп, тиіспек болған

Ақтауда ер адам 8 жасар қыздың денесіне қол тигізіп, тиіспек болған

Ақтауда ер адам 8 жасар қыздың денесіне қол тигізіп, тиіспек болған
ашық дереккөзі
50203
Ақтауда 8 жастағы қызға тиіспек болған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. Алайда моральдық зәбір көрген оқушының анасы ұсталған адам «жазадан құтылып кетуі мүмкін» деп алаңдайды. Сөзінше, 28 қыркүйекте болған оқиғадан кейін қорғансыз бала шошынғаннан мектепке бармай, тіпті сыртқа шығудан қалған. Жаға ұстатарлық жайттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде де тарады. Онда белгісіз ер адамның қызды аңдып, кейін денесіне қол тигізген сәті анық көрінеді. Азғындыққа барған күдікті оқиғадан кейін бойтасалап та үлгерген.
«ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы бойынша күдікті тұлға қазіргі уақытта анықталып ұсталды. Қылмыстық іс Полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісіне тапсырылды», – деді Ақтау қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Мақсат Молдабаев.

Серіктес жаңалықтары