6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды

6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды

6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды
ашық дереккөзі
50561
2024 жылы Ұлттық қордан 6,5 млн баланың есепшотына ақша аударылады деп хабарлады turkystan.kz nege.kz басылымына сілтеме жасап.  Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматыда журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Спикер «Балаларға арналған ұлттық қордың» қашан өз жұмысын бастайтынын мәлімдеді.
«Қазақстанда қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 6,5 млн-нан астам бала бар. Олардың өздерінің арнайы шоты болуы керек. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Алдағы уақытта олардың арнайы шоты ашылады. Бұл шотқа жыл сайын қаражат түсіп отыруы керек. Бала 18 жасқа толғанға дейін ол қаржыны алуына мүмкіндік болмайды. 18-ге толғанда бала ол қаржыны үйіне немесе оқуына жұмсауға мүмкіндік алады. Қазір біз «Балаларға арналған ұлттық қордың» концепциясын әзірлеу үстіндеміз. Тапсырма бойынша, ол 2024 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастауы тиіс», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары