Универсиада күндері әкімдік Алматының сауда орталықтарын жаппақ

Универсиада күндері әкімдік Алматының сауда орталықтарын жаппақ

Универсиада күндері әкімдік Алматының сауда орталықтарын жаппақ
ашық дереккөзі
321
XXVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтетін күндері қаладағы Алматыдағы 9 сауда орталығы жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлады. "2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны күндері санитарлық күндер өткізуге байланысты қаладағы тоғыз сауда орталығы жабылады", - делінген аталған хабарламада. Жабылатын гипермаркеттер тізімі: - "Магнум" (Ақбұлақ 273) - "Алтын Орда" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1) - "Барлық" базары (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1) - "Құрдас-7" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7) - "Жібек жолы" базары (Райымбек даңғылы 517/6) - "Жұлдыз" базары (Розыбакиева 33/1) - "Барыс 4" базары (Райымбек даңғылы 212д/1) - "Кар Сити" СҮ - "Арзан" гипермаркеті (Райымбек даңғылы 507а) Еске сала кетейік, Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары қаңтардың 29-на басталып, ақпанның 8-не аяқталады. Спортшылар 12 спорт түрінен сынға түспек. Қазақстандық студенттер тек 7 спорт түрінен бақтарын сынайтын болады. Жарыстар Алматыдағы 8 спорттық нысанда өтеді.

Серіктес жаңалықтары