50270
Жүзу білмейтін ер адам екі ұлын құтқарамын деп суға батып кетті
Жүзу білмейтін ер адам екі ұлын құтқарамын деп суға батып кетті
Аустралияның оңтүстік-батысында туристер арасында танымал жағажайда екі ұлын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Яллингап жағажайында болған. Аты аталмаған 50 жастағы ер адам жасөспірім-ұлдарымен Перта қаласынан келген. Бір мезетте ер адамға теңізде шомылып жүрген ұлдары суда тұншыққандай көрінген, сол бетте ол суға қарай жүгірген. Жүзе алмаса да суға беттеген.
Аустралиялық суда сасқалақтап, ұлдарының көз алдында теңіз түбіне кете бастаған. Ер адамды жағажайдағы адамдар жағаға алып шыққан, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Басылым мәліметінше, жасөспірімдердің денсаулығына еш зиян келмеген.