Оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен имам Алла үйінен қуылды

Оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен имам Алла үйінен қуылды

Оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен имам Алла үйінен қуылды
ашық дереккөзі
215

Оқыған дұғасы үшін жұрттан ақша талап еткен атыраулық имам қызметінен қуылды деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Мүфтият өкілдерінің мәлімдеуінше, Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының имамы Сәрсенбай Кенжебаев дін қызметкеріне тән емес қылығымен көзге түскен.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жайт бойынша шұғыл тексеру жүргізді. Сәрсенбай Кенжебаев 2012 жылдың 30 қарашасы күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына уақытша имам болып тағайындалған. Дін қызметкерінің этикасына сай келмейтін әрекеттері үшін ол Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап қызметінен босатылды", - делінген аталған хабарламада.

Мүфтият сондай-ақ, қызметтен қуылған имамның бұдан кейінгі әрекеттері де назарда болатынын айтып отыр. "Оны қызметтен босату арқылы біз оны назардан тыс қалдырмаймыз. Облыста және ауданда мүфтияттың өкіл имамдары бар. Олар Сәрсенбай Кенжебаевты өз назарларында ұстайтын болады. Егер қызметінен кеткен имам түзелуге әрекет етсе, онда ҚМДБ жанындағы сарапшылар комиссиясы оның ісін қайта қарайды. Қатарға қосылғысы келсе біліктілігін қайта арттыруы тиіс. Ол үшін арнайы оқудан өтеді. Біз мұндай имам-молдаларды үнемі назарда ұстап отырамыз", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары