Алматыда полиция подполковнигін соққыға жыққан 5 ер адам ұсталды

Алматыда полиция подполковнигін соққыға жыққан 5 ер адам ұсталды

Алматыда полиция подполковнигін соққыға жыққан 5 ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
50322
Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған. Белгісіз адамдар Алматы қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р.Өтегеновті соққыға жыққан. Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы» диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары