50266
Қостанайда өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды
Қостанайда өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram желісіндегі парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Фотосуреттерден бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады» деп жазды ол.Сонымен қатар Мұхамбетов дайын үйлердің іші қалай көрінетінін видео арқылы көрсетті.