Ерейментау ауданында 28 531 гектар алқап мемлекетке қайтарылды

Ерейментау ауданында 28 531 гектар алқап мемлекетке қайтарылды

Ерейментау ауданында 28 531 гектар алқап мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
50233
Ерейментау ауданы прокуратурасының араласуымен биыл 28 531 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары мемлекет меншігіне қайтарылған деп хабарлады turkystan.kz. Мәселен, былтыр жүргізілген тексеріс нәтижесінде Ерейментау ауданының прокуратурасы 232 000 гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтаған еді. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылы мемлекетке кадастрлық құны 517 939 510 теңгеге тең 34 144 га ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер мемлекетке қайтарылған. Сонымен қатар, биыл Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамнан жер учаскесі сот тәртібімен алынған. Айта кетейік, Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағында шетелдіктердің жекеменшік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иелене алмайтыны көзделген. Азаматтық істі қарау нәтижелері бойынша, ауданы 517 га, кадастрлық құны 88 407 000 теңгеге тең жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары