50214
Үндістандағы штатта 20 жылда жерге 21,73 млн найзағай түскен
Үндістандағы штатта 20 жылда жерге 21,73 млн найзағай түскен
Күні кеше Үндістанда ойын кезінде футбол алаңына найзағай түскен. Оқиға футбол ойыны кезінде болған деп хабарлады turkystan.kz.
Үндістанның шығысындағы Одиша штатында футбол алаңына найзағай түсіп, 2 адам қаза тапты. 25-і жараланған. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Олардың 12-сі ауыр халде жатыр.
Айта кетейік, Одиша - Үндістандағы найзағай ең көп түсетін штат. Соңғы 20 жылда аймақта 21,73 миллион найзағай жерге түскен. Соның салдарынан 5 706 адам қаза тапқан.