Қазақстандықтар қанша теңге жалақы алғысы келеді?

Қазақстандықтар қанша теңге жалақы алғысы келеді?

Қазақстандықтар қанша теңге жалақы алғысы келеді?
ашық дереккөзі
50285
2022 жылдың қыркүйегінде электрондық еңбек биржасында 115,6 мың бос жұмыс орны және 82,3 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 3,6%-ға, ал түйіндемелер саны 12,4%-ға азайды. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, электрондық еңбек биржасында орналастырылған түйіндемелер саны 11,7 мыңға азайған. Олардың көбі біліктілігі жоғары қызметкерлерге тиесілі. Оның ішінде тамыз айымен салыстырғанда білім беру саласы мамандары ұсыныстарының саны едәуір қысқарды. Түйіндеме саны 8,7 мыңға азайды. Ал біліктілігі жоқ қызметкерлер саны өсті», - деді МДДР басқарушы директоры Александра Молчановская.
Сарапшының айтуынша, қыркүйек айында еңбек нарығындағы мамандардың жоғары тапшылығы Алматы (бос орындар саны түйіндеме санынан 7,4 мыңға көп) мен Астана (5,2 мың), Қостанай (6,6 мың) мен Қарағанды облыстарында (6,5 мың) байқалады. Сонымен қатар кәсіптік салалар бойынша білім беру және тәрбие (7,5 мың), құрылыс (6,1 мың) және өндіріс (5,4 мың) салаларының мамандары арасында тапшылық байқалды. Ал жалақы деңгейі аймақтарда да, кәсіптер арасында да ерекшеленеді. Алдыңғы айдағыдай еңбекақының ең көп мөлшері Атырау облысында тіркелді, онда орташа жалақысы 764 мың теңге болатын 21 бос орын орналастырылған. Айта кетейік, жұмыс іздеушілер арасында сақтандыру сарапшылары мен ғылыми қызметкерлер – 2 млн теңгеден, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен директорлар - 1,5 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін жалақы алғысы келеді.

Серіктес жаңалықтары