Павлодарда тұрғын үй қорынан үш пәтерді сатқан экс-шенеунік сотталды

Павлодарда тұрғын үй қорынан үш пәтерді сатқан экс-шенеунік сотталды

Павлодарда тұрғын үй қорынан үш пәтерді сатқан экс-шенеунік сотталды
ашық дереккөзі
50194
Облыстық соттың мәліметінше, қаржы бөлімінің бас маманы екі сыбайласымен бірігіп, жалған құжат жасау арқылы мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендірген деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Ол 2021 жылдың қаңтар айында қылмысты жүзеге асыру мақсатында бір адаммен алдын ала сөз байласқан. Сонымен қатар бас маманның рұқсатымен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өтеусіз алуға ресми түрде құқығы бар адамдарды анықтау үшін тағы бір тұлғаны іздеп табады.
«Осылайша облыс орталығындағы Катаев, Бакинская және Бұқар жырау көшелеріндегі үш пәтерді сатқан.  Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 18 миллион теңгеден асты. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жәбірленуші өкілінің пікірін ескере отырып, өмір бойы мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деді баспасөз қызметінде.
Сотталушының өз істеріне өкінген сыбайластары 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Экс-шенеунік өз кінәсін мойындамады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары