Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың негізі

Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың негізі

Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың негізі
ашық дереккөзі
50301
– Ең әуелі бір нәрсені ескерген жөн. Мемлекетте қоғамдық келісім болса, тұрақтылық орнайды. Яғни елдің әрбір қадамы, әрбір өзгерісі қоғаммен һәм халықпен ақылдаса отырып, ойластырып істелгені жөн. Соңғы саяси реформалардың барлығы халықтың пікірімен санасып барып іске асып жатқаны қуантады. Бұл – ел-жұрттың билікке деген сенімін нығайтары даусыз. Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайларды көзіміз көріп, көңілімізге тоқудамыз. Геосаяси ахуалдардың кесірінен кей халықтар амалсыз босып кетуге мәжбүр. Көрші елдегі хәл де белгілі, орыс халқының кейбір азаматтары елімізге бас сауғалап келуде. Бірақ оларды кеудеден итеріп, кері тебетін жөніміз бар ма? Бір күндік емес, бірнеше ғасырдан бергі көршіміз, екі ортадағы шекарамыз мыңдаған шақырымдарды алып жатыр. Саясат пен экономиканы айтпаған күннің өзінде, білімнен, ғылымнан, мәдени жағынан аралас-құраластығымыз көп. Соның бәрін шетке ысырып, екеуара қарым-қатынасты жоққа шығаруға болмайды. Басын иіп келіп тұрғанында көмек қолын созып, қамқорлық қылғанымыз артық емес. Қазақ халқын қонақжай, тату деп жатамыз. Осыны іс жүзінде көрсететін тағы бір кез келді. Өткен ғасырда елімізге босып келген талай ұлттарды панамызға алып, көмек еттік. Олардың ұрпағы топырағымызда өсіп-өніп, біразы ортамызға сіңісіп те үлгерді. Қазір келіп жатқан ресейліктер тұрақтап қалады деуге негіз жоқ. 90 күн аралықта емін-еркін жүре алады, осы уақыттың ішінде біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете тұрғанымыз абзал. Бәрін мемлекетіміз мұқият бақылап отыр. Сондықтан негізсіз сөзге құлақ асып, арандап қалуға болмайды. Жақсылық жасағаннан жаман болмаймыз.

Жақыпбек Алтаев, профессор, философия ғылымының докторы

Серіктес жаңалықтары