«Мұқалмас» бірлестігі сот арқылы Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдірді

«Мұқалмас» бірлестігі сот арқылы Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдірді

«Мұқалмас» бірлестігі сот арқылы Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдірді
ашық дереккөзі
50298
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Президент сайлауына үміткер Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылданғаны туралы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ол 12 қазан күні өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтты. Ортсайлауком мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, ОСК президенттікке үміткер Нұржан Әлтаевқа қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарға Конституциялық заңның 59-бабындағы талаптарына сәйкес тиісті сұраулар салулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардың мәліметінше, Нұржан Әлтаевтың президенттікке үміткер ретінде тіркелуіне кедергілер жоқ екені анықталды. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Нұржан Әлтаев кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» КЗ талаптарына сәйкес келеді. Ұсынылған мәліметтерге сай: Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және Қазақстанда соңғы 44 жыл бойы тұрады. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 5 жыл 2 ай; Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты ұсынған «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жоғары білімі бар (дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілді). Сонымен қатар 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының «Мұқалмас» РҚБ жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы 2022 жылғы 6 қазандағы №19 хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті.
"Соттың шығарған шешімі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес кандидат Әлтаев Нұржан Бауыржанұлының Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігін белгілеу тоқтатылды",- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары