Иран Президенті мінген ұшақ елорда әуежайына қонды

Иран Президенті мінген ұшақ елорда әуежайына қонды

Иран Президенті мінген ұшақ елорда әуежайына қонды
ашық дереккөзі
50503
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді деп хабарлады turkystan.kz. Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Айта кетейік, АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.

Серіктес жаңалықтары