Кентауда астан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

Кентауда астан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

Кентауда астан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50158
Кентау полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен қаладағы кафелердің бірінің тағамдарынан тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені бойынша хабарлама келіп түскен деп хабарлады turkystan.kz. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілді. Аталмыш тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны - Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 адам ем қабылдауда. Қазіргі таңда полицейлермен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары