Дүкенде кезекке таласқан әйел айыппұл төледі

Дүкенде кезекке таласқан әйел айыппұл төледі

Дүкенде кезекке таласқан әйел айыппұл төледі
ашық дереккөзі
50219
Қарағандыдағы сауда орындарының бірінде кезекке таласқан әйел 18 жастағы сатушыны бір ұрып құлатып, кейін айыппұлмен құтылған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Шыдамсыз тұтынушы мен кассирдің оқиғасы бақылау камерасына түсіп қалған. Зардап шегушінің туысының айтуынша, қыз қысқа үзіліс кезінде шайға шоколад сатып алайын деп кетіп бара жатқанда, артында тұрған әйел дөрекі сөздер айтып, оны асықтырған. Кассир жеке басқа өтпеуді, әдепті болуды сұрағанда соққы алып, жерге қүлаған. Қыз алған соққысынан біраз уақыт есін жинай алмай, орнынан тұра алмаған. Медициналық сараптама зардап шегушінің жеңіл жарақат алғанын анықтаған. Сондықтан іс әкімшілік сотта қаралып, сатып алушы тек айыппұлмен шектелді. https://www.youtube.com/watch?v=K8em6qcP3Oo

Серіктес жаңалықтары