Гүл шамдар жасап сататын көпбалалы ана

Гүл шамдар жасап сататын көпбалалы ана

Гүл шамдар жасап сататын көпбалалы ана
ашық дереккөзі
51431
Мәдина Дәуренбек жұртшылық ара­сын­да шебер келін атанып кет­кен. Өйт­кені қолынан көп дүние келеді. Ті­гін ті­геді, құрақтың түр-түрін құрайды. Бұр­ын шаш қиюшы болып жұмыс істесе, қа­зір қо­лөнерге түбегейлі бет бұрған. Бү­гін­де жас ана кез келген жердің көркін кел­тіретін гүл шамдарын жасап, кәсібін дөң­гелетіп отыр. Түркістан облысына қарасты Жетісай қа­ла­сының тұрғыны үйде отырып жұмыс іс­теуді дұрыс көреді. Өйткені кішкентай баласы бар жас отбасы үшін тиімді жол осы. «Негізгі мамандығы – мұғалім. Бұл кәсіпке кел­генге дейін шаштаразда жұмыс істедім. Таң­нан кешке дейін сыртта жұмыс істеу қолайсыздық ту­ғызды. Балаларым бірінен кейін бірі өмірге ке­ліп жатыр. Сондықтан бала күтіміне де көңіл бөлуім керек болды. Ойлана келе, үйде отырып жұ­мыс істеген ыңғайлы екенін түсіндім. Негізі, кіш­кентай кезімнен қолөнерге жақынмын. Ұлт­тық киімдер тігіп, құрақ құрайтыным бар еді. 2019 жылы декреттік демалысқа шығып, үйде отыр­дым. Құр отырмай, бір іспен айналысқың ке­леді. Сөйтіп, «Не істесем екен?» деп интернетті ақ­тарып, біраз іздендім. Содан гүл шамдарына кө­зім түсті. Әдемі әрі бәрімізге керек дүние. Қат­ты ұнап, жасап көргім келді. Бұл ойымды бірінші жол­дасыма айттым. Ол бірден қолдау білдірді. Осы­дан кейін көп ойланбай, жұмысты бастап кет­тім. Қазір күні-түні жасаған жұмысымның же­місін көріп жатырмын. Еліміздің әр өңірінен тұр­ғындар хабарласып, тапсырыс береді, та­бы­сым да жақсы», – дейді қолөнер шебері.  width=Кейіпкеріміз «Бастау Бизнес» жобасына қа­тысып, мемлекеттік грантқа қол жет­кі­­­зіпті. Бұл оған берілген үлкен мүмкіндік еді. Ал­ған қаржысына қажетті құрал-жабдықтар мен ті­гін машинасын сатып алады. Осылайша, жұ­мысына жаңа қарқынмен кіріседі. Мәдина кә­сі­бінің бірден жүріп кетпегенін айтады. Басында тап­сырыс аз болыпты. Өйткені гүлден жасалған ком­позицияны жұрт бірден қабылдай алмаған. «Басында тапсырыс өте аз болды. «Таңға дейін шам сияқты жанып тұрса, күйіп кетпей ме?», «Қалай таңға дейін жанып тұра береді?» деп түр­лі сұрақ қоя бастады. Тұрғындар осылай се­нім­сіздік танытып жатқан соң «Қалай болар екен?» деп біраз уайымдадым. Бірақ мұның бәрі уа­қытша екен. Жасаған гүл шамдарымды ең ал­ды­мен өзім қолданып көрдім. Көңілімнен шық­қан соң, тұтынушыларға сенімді түрде ұсына бас­тадым», – дейді Мәдина. Табиғи гүлдер ұзаққа шыдамайды, ертеңін­де-ақ солып қалуы мүмкін. Кейіпкеріміз­дің айтуынша, изолан материалынан жасалатын шам­дар түрлі салтанатты кештер мен мере­ке­лер­ге таптырмас сыйлық әрі үйге жарықшам ретінде қол­дануға болады. Осындай тиімді тұстары бар еке­нін білгеннен кейін тұрғындар тарапынан сұра­ныс көбейген. Шебер келін атанған көп­ба­ла­лы ана қазір осы кәсіпті үйренгісі келетін қыз-келіншектерге арнайы сабақ өтіп жүр. Со­ны­мен қатар шетелден тапсырыспен алдыратын гүл шамдарын жасауға қажетті материалдарды елі­мізге әкеліп сатуды да жолға қойыпты. Мә­ди­наның жолдасы да қолының ебі бар шебер адам. Ол жиһаз жасаумен айналысады. Екеуі де ісмер бол­ғандықтан, бір-бірін жақсы түсініп, қажет кез­де қолдау білдіреді. «Көп нәрсені айтқызбай-ақ көзқарасымыздан ұғамыз» дейді ол. Бақыт де­ген осы емес пе?! «Бір-біріміздің жұмысымызды жақсы мең­ге­ріп алғанбыз. Оның тапсырысы көп болып, үл-­г­ере алмай жатса, оған барамын, ал менің жұмы­сым көбейгенде, ол көмекке келеді. Сөйтіп, бірге жұ­мыс істеп, қолға алған ісімізді тезірек бітіреміз. Ма­ған гүл алуға келген кісілер оның жасаған жи­hаздарын көріп, тапсырыс беріп жатады. Ал кей­де жолдасыма келген кісілер менің қолымнан шыққан гүл шамдарын, қолөнер бұйымдарын сатып алады. Осылайша, бір-бірімізді қолдау ар­­­қылы кәсібімізді одан әрі дамытып жатырмыз», – дейді жас ана. Мәдина – кәсіпкер ғана емес, келіндік міндетін абыроймен атқарып жүрген көп­балалы ана. Ол жұмысының жемісті болып, ісі­нің алға басуы әуелі Жаратушының, одан кейін ата-енесінің ақ батасының арқасында екенін ай­тады. Мәдинаның ендігі мақсаты – үлкен цех ашып, көптеген адамды жұмыспен қамту. «Кез келген кәсіпті жүргізуге ең бастысы ниет ке­рек. Әр істің қиындығы бар. Барлық нәрсе оңай бо­лып кетсе, адамның бәрі жақсы өмір сүрер еді. «Ал­ма піс, аузыма түс» деп отырсаңыз, отыра бе­ре­сіз. Қимылдап, әрекет жасау қажет. Арман­дау­дан қорықпау керек және ол орындалғанша еш­кімге айтпағаныңыз жөн», – дейді Мәдина Алтайқызы.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары