Нұрдәулет Жарылқапов қазақ күресінен ел чемпионы атанды

Нұрдәулет Жарылқапов қазақ күресінен ел чемпионы атанды

Нұрдәулет Жарылқапов қазақ күресінен ел чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50476
Маңғыстаулық «Қара бура» Нұрдаулет Жарылқапов 10-12 қазанда Атырауда қазақ күресінен өткен ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz. Жарысқа еліміздің 17 облысы пен Астана, Алматы, Шымкент қаласынан келген 700-ден астам балуан 3 күн бойы боз кілемде күресті. Ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі мен одан жоғары салмақ дәрежесінде балуандар анықталды. Нұрдаулет Жарылқапов 100 келіден жоғары салмақта белдесті. Алғашқы айналымда бос болып, екінші айналымда павлодарлық споршыны жеңді. Одан соң алматылық балуанды, сонымен қатар биылғы «Қазақстан барысының» қола жүлдегері Ғалымжан Қырықбайды жеңіп, ақтық белдесуге жолдама алды. Шешуші кезеңде қызылордалық спортшыны ұтып, ел чемпионы атанды.
«Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті. Біз тыңғылықты дайындалдық. Осының алдында белбеу күресінен Өзбекстан еліне әлем чемпионатына барып келген. Сол жерде жарақат алып еді. Сол жарақатын уайымдағанбыз. Алайда жақсы күресіп, Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болды», дейді Нұрдәулет Жарылқаповтың жеке бапкері, облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы Қайрат Бурбасов.
4-6 қарашада елордада әр салмақта рейтингте сегіздікте тұрған 8 балуан белдеседі. Әр салмақ бойынша жеңімпаз атанған балуанға 10 000 АҚШ долларынан беріледі. Сол жарыста жеңген балуандар желтоқсанның 16-18 күні Астанада қазақ күресінен әлем чемпионатына жолдама алады.

Серіктес жаңалықтары