Былтыр Азияда табиғи апаттан 57 млн адам зардап шеккен

Былтыр Азияда табиғи апаттан 57 млн адам зардап шеккен

Былтыр Азияда табиғи апаттан 57 млн адам зардап шеккен
ашық дереккөзі
50268
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің ашылуында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Экологиялық өлшемнің маңызы арта түсті. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді. 2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратқанын жеткізді.
«Осындай қиын кезде біз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін», - деді Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары