Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
50265
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Осы орайда, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары