Әмір Темір туралы көне қолжазба табылды

Әмір Темір туралы көне қолжазба табылды

Әмір Темір туралы көне қолжазба табылды
ашық дереккөзі
51251
Тәжікстан аумағында ұлы қолбасшы Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижридың 1027 жылы екені көрсетілген. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді. «ӨзА» ақпараттық агенттігінің дерегінше, әзірге қолжазбаны кім жазғаны, кім және қайдан көшірілгені белгісіз. Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары