50267
Белгісіз біреулер турист әйелді 20 күн бойы ит торында ұстаған
Белгісіз біреулер турист әйелді 20 күн бойы ит торында ұстаған
Филиппиндегі түнгі клубтың бірінен белгісіз біреулер қытайлық туристі ұрлап, 20 күн бойы ит торында ұстаған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Анхелес қаласында Шанхай тұрғынына құрбысымен серуендеп жүргенде шабуыл жасалған. Кейін қыздың сүйіктісі полицияға жүгінген. Ер адам оның телефонына белгісіз нөмірден видео жіберілгенін, онда оның сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрып жатқанын айтты. Ер адамның айтуынша, шабуыл жасағандар 180 мың фунт стерлинг төлем талап еткен.
Жәбірленуші қаскүнемдерден қашып үлгерген, кейін полиция қызметкерлері әйелді тапқан. Тәртіп сақшылары турист қамалған үйге барған, алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары бұл үйде ішінде жастық пен шелек тұрған ит торының болғанын растады.