Ақмола тұрғыны Instagram-да сілтеме арқылы өтіп, 5 миллион теңгесінен айырылды

Ақмола тұрғыны Instagram-да сілтеме арқылы өтіп, 5 миллион теңгесінен айырылды

Ақмола тұрғыны Instagram-да сілтеме арқылы өтіп, 5 миллион теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
50252
Ақмола облысында әйел әлеуметтік желідегі сілтеме арқылы өтіп, 5 миллион теңгесінен айырылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Интернеттегі алаяқтарға алданған әйел 11 қазанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына арыз түсірген. Оның айтуынша, 2022 жылдың қыркүйегінде Instagram әлеуметтік желісінде қаржыны көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама назарын аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық әйел бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен. Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған. Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома 5 миллион теңгеден асады. Бұл фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары