50258
3 апта бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
3 апта бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысында 3 апта бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
42 жастағы ер адам 21 қыркүйекте Қызылжар ауданының Красный Яр ауылы жағындағы Есіл өзеніне балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған. Полицейлер, сүңгуірлер және еріктілер орман-тоғайды, батпақты жерлерді және жолдарды тексеріп шыққан. 16 қазанда балықшының мәйітін учаскелік полицей марқұм балық аулаған маңнан тапты.
«Балықшының мәйітін Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тапты. Суға батып кеткен», - деп хабарлады Lider.kz қозғалысының еріктілері.Петропавлда 24 қыркүйекте үйінен кетіп, оралмаған 61 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр.