«Қызыл жебе» романының қолмен жазылған нұсқасы жарияланды

«Қызыл жебе» романының қолмен жазылған нұсқасы жарияланды

«Қызыл жебе» романының қолмен жазылған нұсқасы жарияланды
ашық дереккөзі
50873
Жазушы Шерхан Мұртазаның архивінен алынған құнды құжатты журналист Көсемәлі Сәттібайұлы фейсбуктегі парақшасында жариялаған деп жазды turkystan.kz.
«Ақиқатты сүйетін Алаш баласы үшін бұл апта ерекше болғалы тұр. Өйткені қоғам өміріндегі ащы шындықты ашына айтып, өмірден халықтың құрметіне бөленіп өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерағаң - Шерхан Мұртаза дүниеге келген Әулиеата, Жуалы, Ақсай өңірінде бейсенбінің берекелі күніне орай 90 жылдық мерейтойы өтеді. Оған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтен бастап күллі халық үлес қосуда. Мерейтой Шерағаң ескерткішінің ашылу салтанатымен басталады. Одан кейін Шерағаңның шығармашылығы мен қайраткерлік қызметіне арналған ғылыми конференция болмақ. Шерағаңның кіндік қаны тамған жері - Жуалы ауданындағы Талапты ауылынан қайраткер-қаламгердің музей-үйінің ашылуы да мерейтой мазмұнын аша түсетін тағылымды істің бірі. Шерағаң тойы - шындықты сүйетін барша қазақтың тойы. Ал Шерағаң архивінен алынған мына құнды құжатты қаламгердің сол музей-үйіне шашылған шашу ретінде қабылдаңыздар» деп жазды желі қолданушысы.
Айта кетейік, бұл жәдігер Шерхан Мұртаза атындағы орталықта сақтаулы. Орталыққа Әлижан Мұртаза аманаттап тапсырған.

Серіктес жаңалықтары