Ата-аналар 11-сынып оқушыларын ҰБТ-дан басқа сынақтардан босатуды ұсынды

Ата-аналар 11-сынып оқушыларын ҰБТ-дан басқа сынақтардан босатуды ұсынды

Ата-аналар 11-сынып оқушыларын ҰБТ-дан басқа сынақтардан босатуды ұсынды
ашық дереккөзі
50289
Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram каналында 11-сынып оқушыларының тест тапсыру мәселесі талқыланды деп хабарлады Turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өңір тұрғыны 11-сыныптағы оқушылардың бөлімді жиынтық бағалау және тоқсанды жиынтық бағалау тестінің қиын болатынын айтып шағымданған. Өйткені бұл қосымша тесттерді тапсыру ұлттық бірыңғай тестке дайындалып жүрген оқушылардың зейінін бөледі. Себебі бұл бақылау жұмыстарын оқушылар барлық мектеп пәні бойынша тапсырады. Ал бұл өз кезегінде ҰБТ-дағы таңдау пәндеріне дайындалатын уақытты алады екен. Оның шағымына облыстық Білім басқармасының өкілі жауап берді.
«Бөлімді жиынтық бағалау және тоқсанды жиынтық бағалау жүрмесе, оқушыға тоқсандық баға шықпайды. Тоқсандық баға шықпайтын болса, 11-сынып оқушысы аттестат алмайды. Аттестат алмаған бала ҰБТ-ға да бара алмайды. Сондықтан ҰБТ-ға дайындықты сабақтан тыс уақытта және сенбі, жексенбі күндері 1-2 сағат уақыт бөлуді ұсынамыз», - деді Білім басқармасының өкілі Клара Құлатаева.

Серіктес жаңалықтары