50301
Энергия өндірушілер мен берушілер қысқа 95 пайыз дайын – Болат Ақшолақов
Энергия өндірушілер мен берушілер қысқа 95 пайыз дайын – Болат Ақшолақов
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында елдегі энергия өндірушілер мен берушілердің қысқа дайындығы туралы мәлімет ұсынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Энергия жүйесінің өткен жылдардағы жұмыс динамикасын ескерсек, біздің бағалауымызша, 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңінде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт болады деп күтіліп отыр», - деді Болат Ақшолақов.Оның мәліметі бойынша, өңірлердегі энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындығы 95%-ға жеткен.
«Энергия көздерінің қоймаларында 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру рәсімі аяқталды. Нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдарға 95 паспорт, энергия беруші ұйымдарға 66 паспорт берілді. Жалпы, министрлік жылыту маусымының, әсіресе аталған өңірлерде өту барысын тұрақты негізде бақылайды», - деді министр.