«Қар жауады»: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қар жауады»: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қар жауады»: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
50642
Синоптиктер Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz.
"Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында, күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, қар түседі", - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Астанада бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 3-8, таңертең және күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +8...+10°С. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +11...+13°С. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +12...+14°С.

Серіктес жаңалықтары