Атырауда ер адам анасының зейнетақысын алып отырған (ВИДЕО)

Атырауда ер адам анасының зейнетақысын алып отырған (ВИДЕО)

Атырауда ер адам анасының зейнетақысын алып отырған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50393
Атырау облысында 74 жастағы қарт ана өзінің ұлымен бірге тұрады. Алайда анасының ауырып жатқанына қарамастан, аяқ-қолы балғадай ұлы анасына қарамаған. Бұл туралы Facebook-та ZTB Qazaqstan видео, Жанат Жақсыбайқызы жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
«Мына үйдің ішіне кіру мүмкін емес, сасып тұр, лоқсып әрең жүрдік. Лунараның қолында суреттер бар. Қартқа күш көрсетіліп, үстіне темекі басқанға ұқсайды. Бүгін әжені ауруханаға алып кетті. Полиция, әлеуметтік қызметкерлер мұны аяқсыз қалдырмайды деп сенеміз.​ Күтуші болып, зейнетақысы мен үкіметтен берілетін барлық көмекті алып отырған ұлға шара қолдансын. Әжейдің бүкіл денесін дәрігерлер тексеріп, анықтама берсін! Қарт ананы қарттар үйіне жатқызу керек!» – дейді жазбаның авторы.
Сондай-ақ бұл жағдайды әлеуметтік қызметкерлер білмейді. Ал учаскелік полицейлер мүлдем бейхабар. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары