Сауалнама: қазақстандықтардың 76,1 пайызы сайлаудың әділ өтетініне сенеді

Сауалнама: қазақстандықтардың 76,1 пайызы сайлаудың әділ өтетініне сенеді

Сауалнама: қазақстандықтардың 76,1 пайызы сайлаудың әділ өтетініне сенеді
ашық дереккөзі
50301
Кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күнге бір ай уақыт қалды. Мемлекеттік мекемелер халықтың көңіл күйін, белсенділігін, сайлау учаскелеріне баруға, өз кандидатына дауыс беруге дайындығын анықтау мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізуде. Осы орайда, «Қоғамдық пікірді зерттеу» институты социологиялық сауалнама жүргізді. Өлшемдерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,1 пайызы 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін Президент сайлауына барамын деп жауап берген. Бір шешімге келмеген респонденттердің үлесі 15,9%-ды құрайды. Дауыс беруге қатысқысы келмейтіндер – 9,7%. Респонденттердің 1,3%-ы сұраққа жауап беруге қиналған. Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың 76,1%-ы 2022 жылғы қарашада өтетін Президент сайлауы әділ өтеді деп сенеді. «Президенттікке кандидаттың бойында қандай қасиеттер болуы керек?» деген сұраққа: «Әдептілік, адалдық, жоғары білімділік, қазақстандықтар арасындағы беделі жоғары болу керек» деп жауап бергендер көп. Әлеуметтік сауалнаманы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты биыл 6-10 қазан аралығында жүргізді. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Зерттеуде телефон арқылы сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама ОСК-ның 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес, ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары