Маңғыстаулық спортшы Гаухар Жанғазы қол күресінен әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық спортшы Гаухар Жанғазы қол күресінен әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық спортшы Гаухар Жанғазы қол күресінен әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50417
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының спортшысы Гаухар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап. 16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті
«Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гаухардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін еңбектенетін боламыз» - дейді спортшының бапкері Мустафа Нарымбаев.
Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған.
«Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын», - деді Гаухар Жанғазы.

Серіктес жаңалықтары