Балконға Ту ілудің ерекше тәсілі (ВИДЕО)

Балконға Ту ілудің ерекше тәсілі (ВИДЕО)

Балконға Ту ілудің ерекше тәсілі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50229
Бақандай жеті жыл бұрын. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұлыбританиялық Мартин Мюррейді жеңгеніне қуанған астаналық тұрғын Жандос Құрманбаев пәтерінің балконына еліміздің мемлекеттік туын іліп қойған. Ол осылай патриоттық сезімін танытқан. Алайда, Жандос өз еліндегі мақтанарлық әрекеті үшін жауапқа тартады әрі айыппұл салады деп тіпті де ойламаған деп жазды turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Сол оқиғаны қайта еске түсірсек, сол кезде жергілікті билік Жандос Құрманбаевты «Мемлекеттік рәміздерді заңсыз пайдалану» бабы бойынша әкімшілік заңды бұзған деп есептейді. Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы өкілі мен полицейлер куәлердің көзінше хаттама толтырып, Жандос Құрманбаевқа 396 400 теңге айыппұл салған. Ал туды заттай айғақ ретінде тәркілеген. Жандос Құрманбаев айыппен келіспейтінін әрі айыппұлға қатысты шағымданатын жеткізді артынша.
"Айыппұл көлемі - 396 400 теңге... Мен үшін көп ақша, заңгерлердің көмегіне жүгініп, шағымданамын. Өз елімнің патриотымын, бірақ, биліктің мына әрекетінен кейін, тіпті елден кетіп қалғым келді", – деген еді Құрманбаев.
Бұл оқиға сол тұста әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Желіде ‪#‎меніңбайрағым #‎этомойфлаг‬ хэштегін қолданушылар көбейе түсті. Кейбір қолданушылар интернетте Қазақстанның Мемлекеттік туы жанында түскен суреттерін жариялады. Сол Жандос – туған халқының патриоты бүгін Тик-Ток желісінде әрекетін тағы қайталады. Өйткені, заң өзгерген, уақыт басқа, мемлекеттік жүйеде де әлдебір жаңашылдық бар.
"2015 жылғы оқиғадан соң, өзімді елімде бөтен адамдай сезінген едім. Бірақ қоғамдық қолдау мен резонанстың арқасында бүгінде Туды еркін желбіретуге қол жеткіздік. Әлі есімде, сол күндері мені учаскелік полиция бастығы жиналысқа шақырды. Ол мына сөздерді айтты: «Мен сенің жағыңдамын, балам. Бірақ, тыныш тұрған қайықты шайқама, үшінші тарап күштері бұл тақырыпты көтеріп, арандатушылық ұйымдастыруы мүмкін. Сіз оған тосқауыл бола алмай қаласыз». Сол күндері мыңдаған қазақ ынтымақтың белгісі, заңға қарсылық ретінде балкон мен терезеге жалау ілсе, бүгінде балконға Ту тігу – Қазақстанның барлық азаматтары үшін заңды шара. Қазіргі жастардың ұлтжанды, Туын шын сүйетінін көріп жүрмін. Бұл олар үшін – менен лайфхак: балконға туды қалай ілу керек? Көріп алыңыздар!" – деді Жандос Құрманбаев.
Ол мұны Республика күні мен Тәуелсіздік күні дәстүрімізге айналдыруды ұсынамын деді.  

Серіктес жаңалықтары