Түркиядан елімізге ұшып келмек болған террорист ұсталды (ВИДЕО)

Түркиядан елімізге ұшып келмек болған террорист ұсталды (ВИДЕО)

Түркиядан елімізге ұшып келмек болған террорист ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50391

Ыстанбұл әуежайында арнайы жедел алдын алу шарасы кезінде Қазақстанға ұшпақ болған лаңкес ұсталды деп хабарлады turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Бұл жөнінде Түркияның баспасөздері жарыса жазып жатыр. Хурриэт газетінің мәліметінше, қолға түскен күдікті Күрдстанның жұмысшы партиясының террорисі. Құпия аты - "Кендал Нуман Амед". Ол Ирак-Иран шекарасында жасақ басқарып, Сирияға қару-жарақ жеткізумен айналысқан көрінеді. Әзірше толық ақпар жарияланбаған. Жергілікті газет лаңкес Ыстанбұлға Тегеран әуежайынан келіп, әрі қарай Серхат Озел деген жалған атпен Қазақстанға бет алғандығы туралы жазды. Қазір террорист сот шешімімен қамауға алынған.

 

Серіктес жаңалықтары