Роналду ойын кезінде наразылық білдіріп, алаңнан кетіп қалды

Роналду ойын кезінде наразылық білдіріп, алаңнан кетіп қалды

Роналду ойын кезінде наразылық білдіріп, алаңнан кетіп қалды
ашық дереккөзі
50303
Криштиану Роналду «Манчестар Юнайтед» матчі аяқталмай жатып алаңнан кетіп қалды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Команда АПЛ 12-туры аясында лондондық «Тоттенхэммен» өз алаңында ойнаған. Роналду матч басында қосалқы ойыншылар орнында болды. Бапкер футбол жұлдызын «Олд Траффорд» алаңына ойынның 90-минутына дейін шығармады. Осыған ашулы португалиялық матчтің аяқталғанын білдіретін төреші ысқырығына дейін алаңнан кетіп қалды. Бұл кездесу «Манчестер Юнайтед» жеңісімен аяқталды - 2:0. Гол соққандар: Фред (47-минут) және Бруну Фернандеш (69-минут).

Серіктес жаңалықтары