Абай облысындағы жылу құбырларының 65%-ы ескірген

Абай облысындағы жылу құбырларының 65%-ы ескірген

Абай облысындағы жылу құбырларының 65%-ы ескірген
ашық дереккөзі
50183
Сенатор Бақытжан Байахметов еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында жылу және электр энергетика нысандарын қайта жаңғыртуды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Статистика деректеріне сәйкес, Абай облысы бойынша жылу құбырының жалпы тозуы 65 пайызды құрайды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш. Осы жағдай жылу беру кезеңінде жылу қуатының тапшылығы мен авариялық жағдайларға себеп болады және жұмыста технологиялық үзілістерге әкеліп соғады», - деп атап өтті сенатор.
Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысына жұмыс сапары барысында инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде заманауи жылу электр орталығын салуға ерекше назар аударғанын еске салды. Сонымен қатар Үкіметке Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын нақтылауды, сондай-ақ жылумен қамту нысандарын қаржыландыру мәселелерін пысықтауды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары