Красноярск қаласында «Қазақ мәдениетінің күні» өтті

Красноярск қаласында «Қазақ мәдениетінің күні» өтті

Красноярск қаласында «Қазақ мәдениетінің күні» өтті
ашық дереккөзі
51243
Красноярск қаласындағы Достық үйінде «Қазақ мәдениетінің күні» атап өтілді. Аталған іс-шара Красноярск өлкесінде тұратын қазақтардың этномәдени байланысын нығайтуға бағытталған. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын кітаптар да көрмеге қойылды.  width= Концертке ұласқан кеш соңында жергілікті өнерпаздар қазақтың ән-күйін орындап, «Мен – қазақпын!» өлеңін оқыды.  width= Сонымен қатар, кеш барысында қазақ мәдениетінен кім көп хабардар екенін анықтау мақсатында викторина ұйымдастырылды.  width= Айта кетерлігі, Көкшетау қаласының әкімдігі бұл іс-шараны өткізген «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясына ұлттық киімдер топтамасын тарту еткен.  width=

Серіктес жаңалықтары