50261
Президент Жабал Ерғалиевті қабылдады
Президент Жабал Ерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Жабал Ерғалиев Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді.