Рамиль Мухоряповқа тиесілі компанияның құпия деректері тарап кетті

Рамиль Мухоряповқа тиесілі компанияның құпия деректері тарап кетті

Рамиль Мухоряповқа тиесілі компанияның құпия деректері тарап кетті
ашық дереккөзі
50318
Қазақ тілінде сөйлесуді мәдениетсіздікке балаған Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың видеосы қоғамның наразылығын тудырды. Ал бүгін Chocofamily Holding корпоративтік сайтының chocofamily.kz қызметкерлері туралы мәліметтер қоры интернетте тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. Ол жерде 12 мегабайттық 321 828 жол мәтін бар. Оның ішінде қызметкердің толық аты-жөні, поштасы, факультеті, индексі, сипаттамасы, телефон нөмірі, қосымша контактілері, мекен-жайы, техникалық деректері бар. Естеріңізде болса, Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов қазақ тілінде сөйлесуді мәдениетсіздік деп санаған видеосы тарап кеткен болатын. Содан кейін қазақстандықтар Choco өнімдері мен қызметтеріне бойкот жариялады. Кейін Рамиль Мухоряпов халықтан кешірім сұрады.  

Серіктес жаңалықтары