ХҚКО-да қандастарға қызмет көрсету жеделдетіледі

ХҚКО-да қандастарға қызмет көрсету жеделдетіледі

ХҚКО-да қандастарға қызмет көрсету жеделдетіледі
ашық дереккөзі
50180
Жұма күні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, елге оралған қандастарымыз үшін жасалған қызмет көрсету бөлмесінің қалай жұмыс істейтінін тексерді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қандастарымыз үшін мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде ЖСН мен тұруға ықтиярхат алу алуға, «қандас» мәртебесін беруге, жеке куәлік және тағы басқа қызметтерді жылдам алуға арналған арнайы жеке терезелер іске қосылды. Бұл терезелер барлық қызметтерді қас-қағым сәтте, жедел алуға мүмкіндік береді. Әзірге бұл қызмет - Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларында қолжетімді, бірақ жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыруды жоспарлап отырмыз» деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары