50586
Президент «Менің елім – менің туым» атты акцияға қатысты ойын айтты
Президент «Менің елім – менің туым» атты акцияға қатысты ойын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Жақында Amanat партиясының «Жастар рухы» қанатының бастамасымен «Менің елім – менің туым» атты акция басталды. Мұның бәрі – елдік рух пен ұлттық ұстанымды ұрпақтың санасына сіңіруге арналған маңызды жобалар. Біз жастарды отаншылдыққа баулитын осындай ұтымды әдіс-тәсілдерді іздеуіміз керек.
Елімізде мұндай мысалдар көп. Бұл саладағы ең озық тәжірибені халық арасында кеңінен дәріптеуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – Республика күні өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналады деп сенемін».