Атырауда ұры өзін қылмыс орнында ұстаған әйелді өлтіріп кетті

Атырауда ұры өзін қылмыс орнында ұстаған әйелді өлтіріп кетті

Атырауда ұры өзін қылмыс орнында ұстаған әйелді өлтіріп кетті
ашық дереккөзі
50548
19 қазан күні Атырау қаласының «Өркен» ықшамауданында қанды оқиға орын алып, 59 жастағы әйел көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап. «АқЖайық» басылымының ақпараты бойынша, үйдегі адамдар таңертең ерте жұмысқа кеткен. Ал әжесі немересін сабаққа шығарып салып, қайтып келгенде коттеджде бөтен адамның жүргенін көреді. Ұры көп ойланбастан әйелді буындырып өлтірген. Отбасы марқұмның қаза болғанын түс кезінде көріп, полицияға хабар береді. Үйден алтындар мен бағалы заттар жоғалған. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер іздестірілуде.  

Серіктес жаңалықтары