50250
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
22 қазан күні сағат 15:00 шамасында Сағыз - Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысқан деп жазды turkystan.kz.
Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды», - деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.