Қай қала тұрғындары алтын сатып алуға құмар?

Қай қала тұрғындары алтын сатып алуға құмар?

Қай қала тұрғындары алтын сатып алуға құмар?
ашық дереккөзі
50214
2022 жылдың қыркүйек айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде жалпы салмағы 124,66 келі 3 099 алтын құйма сатылды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,6 тонна 104 945 алтын құйма сатылған. Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы, сатылған құймалар арасында оның үлесі 25% – 26 706 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 22 600 дана (22%) және 20 грамдық құйма – 22 275 дана (21%), 100 грамдық құйма – 21 126 дана (20%), ал 50 граммдық құймадан – 12 238 дана (12%). Ұлттық банк дерегіне сенсек, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Серіктес жаңалықтары