Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда
ашық дереккөзі
50272

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізуде.

Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.

 width=

«Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысуда. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамызСоның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев.

Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.

 width=

Серіктес жаңалықтары