Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім жұртты сүйсінтті

Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім жұртты сүйсінтті

Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім жұртты сүйсінтті
ашық дереккөзі
51313
Әр сабағын ерекше етіп өткізетін атыраулық ұстаз көпшілік назарына ілікті. Бүгінде оның «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне жариялаған қызықты сабақтары мен сергіту сәттері туралы видеолары мыңдаған оқырманның көзайымына айналған. Ұстаздың сабақ беру әдісі жөнінде жақында «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан бейнематериал жарыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz. Ислам Қадыров - Атырау қаласындағы № 41 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
«Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай меңгерту. Ол үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақтар өткізіп келемін» – дейді жаңашыл ұстаз.
Исламның «Tik-Tok»-тағы негізгі контенті -  ата-аналар мен оқушылар. Еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандары бар.
«9-сыныпқа жетекшілік ететін ұстаз балалармен бірдей деңгейде әңгімелесіп, тәрбие мен білімді ұштастырып қызмет ету басты ұстанымым» – дейді.

Серіктес жаңалықтары